https://sputnik.kz/20250423/ukimetten-aqsha-suramaytyn-akim-premerden-soz-estidi-52758482.html
Үкіметтен ақша сұрамайтын әкім премьерден сөз естіді
Үкіметтен ақша сұрамайтын әкім премьерден сөз естіді
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр беріліп тұрған ақшаны игермейтін әкімге ескерту жасады 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T11:10+0500
2025-04-23T11:10+0500
2025-04-23T11:10+0500
ұлытау облысы
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42184391_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_667e33e0a766735be18a5a0a100b93ff.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Былтыр Ұлытау облысын газдандыруға ұлттық қордан 3,9 млрд теңге бөлінген болатын. Алайда осы ақшаның тек 77 млн теңгесі игерілген.Аймақ басшысының айтуынша, Атасу кентіне баратын газ құбырынан бөлек Жезқазған қаласында газ тарату желілерін салуға 2,9 млрд теңге қарастырылған болатын.Бүгінде Жезқазғанда 1 583 үй газға қосылған. Биыл тағы 2 094 абонент газға қол жеткізеді."Ал Жаңарқа ауданы Атасу кентінің газ құбырын салуға бөлінген 1 млрд теңге сот рәсімдеріне байланысты игерілмеген", - деп атап көрсетті облыс әкімі.Осы орайда премьер-министр беріліп тұрған ақшаны игермейтін әкімге ескерту жасады."Басқа өңірлерге қаражат жетіспейді. Ал сіздерге қаражат берілгенімен, жұмыс жоқ. Олай жұмыс істеуге болмайды. Шара қабылдаңыздар", - деді Бектенов.Өз кезегінде Дастан Рыспеков бөлінген қаражат өз мерзімінде игерілетінін уәде етті.
https://sputnik.kz/20250305/toqaev-ulytau-oblysynyn-khalqyn-taza-auyzsumen-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy-51361352.html
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42184391_182:0:1142:720_1920x0_80_0_0_ffd023ce8a159e44d19e026b59c5e68c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы, олжас бектенов
ұлытау облысы, олжас бектенов
Үкіметтен ақша сұрамайтын әкім премьерден сөз естіді
Премьер-министр беріліп тұрған ақшаны игермейтін әкімге ескерту жасады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр Ұлытау облысын газдандыруға ұлттық қордан 3,9 млрд теңге бөлінген болатын. Алайда осы ақшаның тек 77 млн теңгесі игерілген.
Аймақ басшысының айтуынша, Атасу кентіне баратын газ құбырынан бөлек Жезқазған қаласында газ тарату желілерін салуға 2,9 млрд теңге қарастырылған болатын.
"Алайда газ тарату желілерінің құрылысы бойынша үшінші кезең құжаттамасын әзірлеу мерзімі ұзарып кетті. Сол себепті 2,8 млрд игерілмей қалды. Оған қоса, құрылыс-монтаждау жұмыстарын күн жылы кезде жүргізу қажеттілігіне байланысты ұлттық қор қаражаты қазан айында алынып тасталды. Биыл осы жобаны одан ары іске асыру жоспарланған", - деді облыс әкімі Дастан Рыспеков.
Бүгінде Жезқазғанда 1 583 үй газға қосылған. Биыл тағы 2 094 абонент газға қол жеткізеді.
"Ал Жаңарқа ауданы Атасу кентінің газ құбырын салуға бөлінген 1 млрд теңге сот рәсімдеріне байланысты игерілмеген", - деп атап көрсетті облыс әкімі.
Осы орайда премьер-министр беріліп тұрған ақшаны игермейтін әкімге ескерту жасады.
"Басқа өңірлерге қаражат жетіспейді. Ал сіздерге қаражат берілгенімен, жұмыс жоқ. Олай жұмыс істеуге болмайды. Шара қабылдаңыздар", - деді Бектенов.
Өз кезегінде Дастан Рыспеков бөлінген қаражат өз мерзімінде игерілетінін уәде етті.