Тоқаев Ұлытау облысының халқын таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды

© Public DomainАуызсу
Ауызсу - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Аймақта биыл құны 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Дастан Рыспековтің президентке аймақта өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 28 пайызға және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 30 пайызға өскенін, былтыр өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылғанын және оның 89 пайызы жеке инвестиция екенін баяндады.
Аймақ басшысының айтуынша, жалпы сомасы 940 миллиард теңге болатын инвестициялық пул жасақталған. Осы орайда биыл құны 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ президентке қатерлі өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында бұған дейін берген тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Оның ішінде, "Қазақмыс" корпорациясының кенішінде болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне көлік-логистика әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.
Виды города Туркестан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Тоқаев Түркістан облысы әкіміне тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуды тапсырды
Жаңалықтар
0