https://sputnik.kz/20250423/khorvat-kompaniyalary-qazaqstan-narygynda-zhumys-isteuge-qyzygushylyq-tanytyp-otyr--toqaev-52774041.html
Хорват компаниялары Қазақстан нарығында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр – Тоқаев
Хорват компаниялары Қазақстан нарығында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T15:17+0500
2025-04-23T15:17+0500
2025-04-23T15:17+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/04/17/52773876_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_ac5886f981d294642182e02fe4417373.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді.Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады.Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады. Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.
https://sputnik.kz/20250423/qazaqstan-pakistandy-ontustik-aziyadagy-manyzdy-seriktesi-retinde-qarastyrady--toqaev-52766699.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/17/52773876_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_d34a1fb10104a0caaf6a952e76d9f242.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Хорват компаниялары Қазақстан нарығында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр – Тоқаев
Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады.
Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады. Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.