Қазақстан Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастырады – Тоқаев

© Photo : АкордаТокаев принял главнокомандующего сухопутными войсками ВС Пакистана
Токаев принял главнокомандующего сухопутными войсками ВС Пакистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Тоқаевтың айтуынша, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Асим Мунирді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Президент Қазақстанның Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар", - делінген Ақорда хабарпламасында.
Асим Мунир Мемлекет басшысына Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ықыласын жеткізді. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалады.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты өркендетуге тың серпін берудің, экономиканың түрлі секторындағы өзара мүддеге сай келетін мүмкіндіктерді толық жүзеге асырудың маңызына назар аударылды.
Жаңалықтар
0