Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Қырымға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВыступление президента США Трампа на заседании конгресса
Выступление президента США Трампа на заседании конгресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Қырымға қатысты сұраққа жауап берген Трамп өзінің жоспарын үш күнде таныстыруға уәде берді
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп журналистің Қырымды Ресей аумағы деп тану туралы сұрағына жауап берді. Ол өз жауабында үш күннен кейін Украина бойынша өзінің бейбіт жоспарын ұсынуға уәде берді. Бұл сәттің видеосын New York Post басылымы жариялады, деп жазады Риа Новости.
"Мен сізге үш күн ішінде толық ақпарат беремін, бірақ біз Украинамен және Ресеймен өте жақсы кездесулер өткіздік. Бәрі қалай болатынын көрейік", - деді Трамп.
Вашингтон Қырымды ресейлік деп тани алады, сонымен қатар АҚШ-қа Запорожье АЭС –ін бақылауын беруді ұсынуы мүмкін.
Қырым - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2017
Немістер мен итальяндықтардың үштен бірі Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп есептейді
Жаңалықтар
0