АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Немістер (36%) мен итальяндықтардың (34%) үштен бірі Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп есептейді дегенді көрсетті Sputnik.Пікірлер. Осындай пікірді сұралған британдықтар (26%) мен америкалықтардың (23%) төрттен бірі және француздардың бесінші бөлігі (20%) ұстанады. Сауалнаманы TNS Global компаниясы Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы үшін жүргізді.
Жалпы Қырымның Ресейге тиесілі деп санайтындардың саны қарсы пікірдегілермен шамалас. Францияда да ғана жарты аралды Ресей территориясына кіреді деп санайтындар көбірек.
Қырымды ресейлік деп атайтындардың басым көпшілігі немістер, негізінен 25-34 жас аралығындағы жастар. Францияда керісінше мұндай пікірді аға буын ұстанады – сұралған респонденттердің үштен бір бөлігі дерлік 55 пен 64 жас аралығындағы кісілер.
Бұл ретте американдықтардың 51%-ы, француздардың 48%-ы, 44% британдықтар, 34% итальяндықтар және 23% немістер Қырымның қай мемлекетке тиесілі екенін айтуға қиналды.
Сауалнаманы қоғамдық пікірді сұраумен айналысатын ірі халықаралық зерттеу компанияларының бірі TNS Global 2017 жылғы 16-22 ақпан аралығында жүргізді.
Оған Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және АҚШ-тағы 5132 респондент қатысты.
Sputnik.Пікірлер жобасы туралы мәлімет
Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa. Sputnik.Пікірлер жобасы аясында ең өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша коғамдық пікірді білу үшін АҚШ және Еуропа елдерінде сауалнама жүргізіледі.
Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.