Білім

Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік инженерлерінің қатарына енді

© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаКазахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Хьюстондағы турнирге 110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. АҚШ-та өткен жас инженерлер арасындағы FIRST Championship әлемдік чемпионатында Қазақстан намысын жеті команда қорғады.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаКазахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, бұл турнирге 110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаКазахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
"Қазақстан бұл чемпионатқа небәрі бес жылдан бері қатысып келеді. Соған қарамастан, ондаған жылдық тәжірибесі бар мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекеге түсудеміз", — деді USTEM Foundation қорының жетекшісі Асылбек Мұрзахметов.
© Photo : Пресс-служба Министерства просвещения КазахстанаКазахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Казахстанские школьники на глобальном чемпионате FIRST Championship
Хьюстондағы турнирде қазақстандық оқушылар алты бірдей марапат жеңіп алды:
Жоғары санатта (12–18 жас) Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID командасы еліміз тарихында тұңғыш рет жарыстың финалына өтіп, екі марапат иеленді — Motivate Award Winner және Division Finalist Award.
Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің CRISTABOL командасы техникалық және техникалық емес дағдылардың үздік үйлесімі үшін берілетін ең беделді марапат — INSPIRE Award-ты жеңіп алды.
Sana Team (Алматыдағы Білім-инновация лицейі) және Jeltoqsun (Қарағанды қаласындағы "Мұрагер" мектебі) командалары роботтар ойыны бойынша 258 команданың ішінен ТОП-20 қатарына енді.
Орта санатта (10–16 жас) — FIRST LEGO League Challenge турнирінде Астана қаласындағы "Skillset" мектебінің SKILLSET командасы Champions Award номинациясы бойынша финалист атанды.
Қарағандыдағы "Мұрагер" мектебінің RASSLEXX командасы Coopertition Award Winner марапатын жеңіп алды.
Кіші санатта (6–10 жас) — FIRST LEGO League Explore бойынша Павлодар қаласындағы "Сатурн" мектебінің ATLANTIS командасы Team Model Award марапатына ие болды.
Алматылық оқушылар NASA байқауының жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Алматылық оқушылар NASA байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
0