https://sputnik.kz/20250421/byltyr-qazaqstan-men-resey-arasyndagy-tauar-aynalymy-3-ga-osti-52701820.html
Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 3%-ға өсті
Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 3%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ресей премьерлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 21.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-21T17:00+0500
2025-04-21T17:00+0500
2025-04-21T17:00+0500
қазақстан
ресей
тауар
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44657812_0:33:1162:687_1920x0_80_0_0_7c61ea1e47f8629991636100cde31776.jpg
АСТАНА, 21 сәуір - Sputnik. Ресейге ресми сапары барысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие.
https://sputnik.kz/20250421/resey-premeri-qazaqstandyq-ariptesinen-toqaevqa-putinnin-izgi-tilegin-zhetkizudi-surady-52701385.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44657812_102:0:1062:720_1920x0_80_0_0_4f6d38ccef904c6a64248d33e5befb42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, тауар
Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 3%-ға өсті
Қазақстан мен Ресей премьерлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АСТАНА, 21 сәуір - Sputnik. Ресейге ресми сапары барысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.
Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
"Өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті. Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады", - деп жазылған хабарламада.
Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.
Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.
Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие.