Ресей премьері қазақстандық әріптесінен Тоқаевқа Путиннің ізгі тілегін жеткізуді сұрады

© Sputnik / Дмитрий Астахов / Медиабанкке өтуПремьер-министр РФ М. Мишустин встретился с премьер-министром Казахстана О. Бектеновым
Премьер-министр РФ М. Мишустин встретился с премьер-министром Казахстана О. Бектеновым - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға басымдық береді
АЛМАТЫ, 21 сәуір - Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қазақстандық әріптесі Олжас Бектеновтен Тоқаевқа Путиннің ізгі тілегін жеткізуді сұрады. Ол сондай-ақ Қазақстан Ресейдің Еуразиялық аймақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті, деп жазды РИА Новости.
"Біз бауырластық, тату көршілік, одақтастық қарым-қатынасымызды шын бағалаймыз", - деді Мишустин.
Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға басымдық береді.
"Біз өңіраралық ынтымақтастығымызды нығайтуды қолдаймыз. Бүгінгі таңда өзара тауар айналымының 70%-ға жуығы біздің өңірлер арасындағы тікелей кооперация арқылы қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті РФ министрлер кабинетінің басшысы.
Ресей премьер-министрі екі елдің үкіметтері Ресей мен Қазақстан басшылары қабылдаған шешімдерді нақты орындау үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Жаңалықтар
0