https://sputnik.kz/20250419/oqushylar-zhol-apatyna-tusti---ministrlik-tusinikteme-berdi--52652843.html
Оқушылар жол апатына түсті - министрлік түсініктеме берді
Оқушылар жол апатына түсті - министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Апат кезінде жаттықтырушы қайтыс болып, балалар ауруханаға түсті 19.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-19T18:45+0500
2025-04-19T18:45+0500
2025-04-19T18:45+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e9/04/13/52637121_0:69:971:615_1920x0_80_0_0_3a2aaa4384b360344ccc1b5b517ddf0f.jpg
АСТАНА, 19 сәуір - Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитеті Ақмола облысында болған оқушыларға қатысты жол апаты туралы түсініктеме берді. 16 жасөспірім мен жаттықтырушы футбол жарыстарына автобуспен барған, балалардың жасы 14 пен 16 жас аралығында. Апат кезінде жаттықтырушы қайтыс болып, балалар ауруханаға түсті. Алайда, жеке футбол мектебінің өкілдері жергілікті және құқық қорғау органдарына балаларды тасымалдауға қатысты хабарламаған. Бұған дейін комитет барлық жергілікті атқарушы органдарға балаларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар жіберген болатын, онда сүйемелдеуге қойылатын талаптар, көліктің техникалық жай-күйі, қажетті құжаттардың болуы және ілесіп жүретін адамдардың жауапкершілігі нақты жазылған. "Қазіргі уақытта 16 баланың 15-і үйде. Бір баланы тұрғылықты жері бойынша емдеуді жалғастыру үшін санитарлық авиациямен Павлодарға облыстық балалар ауруханасына жеткізу керек", - деп атап өтті комитет. Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі зардап шеккен баланың анасымен байланыста.
https://sputnik.kz/20250419/zhasospirimder-mingen-kolik-aqmola-oblysynda-zhol-apatyna-ushyrady-52637943.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/13/52637121_0:0:971:728_1920x0_80_0_0_4fcc7aa1088041c039e91a6d36ba7131.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Оқушылар жол апатына түсті - министрлік түсініктеме берді
Апат кезінде жаттықтырушы қайтыс болып, балалар ауруханаға түсті
АСТАНА, 19 сәуір - Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитеті Ақмола облысында болған оқушыларға қатысты жол апаты туралы түсініктеме берді.
16 жасөспірім мен жаттықтырушы футбол жарыстарына автобуспен барған, балалардың жасы 14 пен 16 жас аралығында. Апат кезінде жаттықтырушы қайтыс болып, балалар ауруханаға түсті.
"Бұл факт бойынша жекеменшік футбол мектебінде оқитын балалар тобы 2011-2012 жылдары туған командалар арасында өткен балалар футбол турниріне қатысу үшін Астана қаласына барған. Кетер алдында кәмелетке толмағандардың ата-аналары балалардың жарыстарға қатысуына және оларды тасымалдауға келісімін беріп, мұны WhatsApp мессенджерінің жалпы чатында хабарламамен растаған", - деп хабарлады ведомство.
Алайда, жеке футбол мектебінің өкілдері жергілікті және құқық қорғау органдарына балаларды тасымалдауға қатысты хабарламаған. Бұған дейін комитет барлық жергілікті атқарушы органдарға балаларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар жіберген болатын, онда сүйемелдеуге қойылатын талаптар, көліктің техникалық жай-күйі, қажетті құжаттардың болуы және ілесіп жүретін адамдардың жауапкершілігі нақты жазылған.
"Қазіргі уақытта 16 баланың 15-і үйде. Бір баланы тұрғылықты жері бойынша емдеуді жалғастыру үшін санитарлық авиациямен Павлодарға облыстық балалар ауруханасына жеткізу керек", - деп атап өтті комитет.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі зардап шеккен баланың анасымен байланыста.