Жасөспірімдер мінген көлік Ақмола облысында жол апатына ұшырады

© Photo : Предоставлено ДП Акмолинской области ДТП с детьми в Акмолинской области
ДТП с детьми в Акмолинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Жазылу
Команда футболдан Астанаға жарысқа бара жатқан
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала мен павлодарлық футбол командасының жаттықтырушысы жол апатына ұшырады.
Оқиға кеше түнде "Шідерті-Ерейментау-Астана" тас жолында болған. Команда Астанаға жарысқа бара жатқан. Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, шағын автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.
Жаттықтырушы сол жерде көз жұмды, ал балалар қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Ақмола облысының полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Шәкірттерін жарысқа жіберген жекеменшік спорт мектебінің басшылары бұл туралы полицияға хабар бермеген, сондықтан патрульдік полиция көлігі олармен еріп жүрмеген", - деп хабарлады полициядағылар.
Бұл оқиғаға да қатысты тергеу жүріп жатыр.
Хромтауда полиция жүкті әйелді перзентханаға жеткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Кептелісте тұрып қалған: Хромтауда полиция жүкті әйелді перзентханаға жеткізді
Жаңалықтар
0