Ақтөбе облысында құрылысы бес жыл бұрын басталған жүн өңдеу зауыты іске қосылады

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіАқтөбе облысында жүн өңдеу зауыты іске қосылады
Ақтөбе облысында жүн өңдеу зауыты іске қосылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жазылу
Өңірде жүн өңдеп, тоқыма емес материалдар өндіретін зауыт салынып жатыр
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында жылына 2000 тонна шикізат өңдейтін жүн өңдеу зауыты іске қосылады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобаның бастамашысы — италиялық CORMATEX компаниясы, ал жұмыс істейтін - "KazFeltec" ЖШС. Айта кетейік, CORMATEX — тоқыма өнеркәсібіне арналған заманауи технологияларға маманданған компания. Зауытта жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін Lap FormAir технологиясы қолданылады.
"Жоба 2020 жылы басталды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Биыл тамызда жабдықтар іске қосылып, сынақтан өтеді. Кәсіпорын жыл сайын 2000 тоннадан астам шикізатты өңдейді", - дейді ведомство.
Шикізат ретінде табиғи және синтетикалық талшықтар, сондай-ақ тоқыма өндірісінің қалдықтары пайдаланылатын болады. Зауыт құрылыс, машина жасау, қаптама және сүзу жүйелері үшін кеңінен қолданылатын тоқыма емес материалдардың алуан түрін шығарады. Дайын өнім ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да жеткізіледі.
"Жобаның негізгі бағыттарының бірі — қой жүнінен жасалған жылу және дыбыс оқшаулағыш тақталар мен рулондар өндірісі. Жоба аясында 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар қазақстандық жас мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді — олар заманауи, жоғары технологиялы жабдықтарда практикалық тәжірибе жинақтайды", - дейді министрлік.
Техника мен жабдық сатып алуға кеткен шығынның 25%-ін мемлекет өтейді.
Көрпе жасайтын кәсіпкер   - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жүн сатумен айналысатындар сапаға емес, санға жұмыс істейді – көрпе жасайтын кәсіпкер
Жаңалықтар
0