Жаңа автокөліктердің саудасы 23,4%-ға өсті
© Sputnik / Владислав ВодневЛьготное автокредитование

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Жалпы бірінші тоқсанда 46 843 жаңа автомобиль өтті
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. 2025 жылдың наурызында Қазақстандағы жаңа автокөліктердің саудасы 23,4% өсті, деп хабарлады "Қазақстанның Автокөлік Одағы".
Одақ берген мәлімет бойынша наурызда 19 629 жеңіл автокөлік және коммерциялық техника сатылды, бұл былтырғы ұсқас кезеңмен салыстырғанда 23,4% жоғары көрсеткіш. Жалпы бірінші тоқсанда 46 843 жаңа автомобиль өтті, ал былтыр 39 439 көлік иесін тапқан (+18,8%) болатын.
"2024 жыл Қазақстандағы жаңа автомобиль саудасы тарихындағы рекордтық кезең болды. Биыл бізді соған жақын жоғары нәтиже де күтетін сияқты. Мамырда 20 000 көлік сатылуы - былтырғыдан әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Жалпы сауда қарқыны артып келеді", - дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.
Ең көп өткен автомобильдер:
1.
Hyundai (4 472 дана; былтырғы наурызбен салыстырғанда +32,8%),2.
Chevrolet (2 738 дана; +99,3%),3.
Kia (2 120 дана; +17,1%),4.
Jetour (1 362 дана; +74,4%),5.
Chery (1 350 дана; +2,7%),6.
Haval (1 288 дана; +14,6%),7.
Jac (1 071 дана; +54,3%),8.
Geely (1 021 дана; +45,6%),9.
Toyota (862 дана; -21,2%),10.
Changan (703 дана; -42,1%).Наурыз айында ең танымал болған топ-10 модель арасында Chevrolet Cobalt (2 236 дана) бірінші тұр. Содан кейін тізімде Hyundai Tucson (1 692), Kia Sportage (1 090), Hyundai Mufasa (955), Haval M6 (607 ), Chery Tiggo 2 (532 ), Hyundai Elantra (529 ), Hyundai Santa Fe (524 ), Geely Emgrand (493 ) және Jac S3 (461) бар.