https://sputnik.kz/20250417/tmd-elderi-arasyndagy-qyzmetterdin-erkin-saudasy-turaly-kelisim-ratifikatsiyalandy-52573856.html
ТМД елдері арасындағы қызметтердің еркін саудасы туралы келісім ратификацияланды
ТМД елдері арасындағы қызметтердің еркін саудасы туралы келісім ратификацияланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстаннның достастық кеңістігіндегі қызметтер экспорты 2,2 миллиард долларға жетті 17.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-17T13:15+0500
2025-04-17T13:15+0500
2025-04-17T13:28+0500
тмд
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400294_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_def54e3c478d0f084f1dab694d63fcc1.jpg
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Қазақстан сенаты ТМД мемлекеттері арасындағы қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, олардың қызметі мен жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялады. Қабылданған құжатқа сәйкес, дүниежүзілік сауда ұйымына қатысушы мемлекеттер ТМД елдеріне олардың халықаралық міндеттемелері шеңберінен кем емес қолайлы жағдайлар жасауға міндетті. Ал ДСҰ-ға кірмейтін мемлекеттер келісімге қол қойылған кезде олардың заңнамасына сәйкес шарттарды ұсынатын болады.Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қызметтерінің өзара саудасы 2024 жылы 4,3 млрд АҚШ долларын құрады. Соның ішінде қазақстандық қызметтер экспорты 2,2 млрд долларға жетті, ал ТМД елдерінен импорт — 2,1 млрд. Өткен жылы ТМД мемлекеттерінен Қазақстан экономикасына құйылған инвестици көлемі 4 млрд долларды құрады, ал ТМД елдеріне тартылған қазақстандық инвестиция 0,6 млрд доллар болды.Келісімді ратификациялау отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндік ашады, қызметтер мен инвестициялар саласын дамыту үшін тұрақты құқықтық негіз жасайды, сондай-ақ Қазақстанның ТМД кеңістігіндегі интеграциялық байланысын күшейтеді, деп хабарлады министрлік.
https://sputnik.kz/20250109/eaeo-elderi-men-singapur-arasyndagy-yntymaqtastyq-turaly-kelisim-ratifikatsiyalandy-49871590.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400294_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_502fe91ec3e5b6f7e73f7aab17ee3bdb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд
ТМД елдері арасындағы қызметтердің еркін саудасы туралы келісім ратификацияланды
13:15 17.04.2025 (жаңартылды: 13:28 17.04.2025) Қазақстаннның достастық кеңістігіндегі қызметтер экспорты 2,2 миллиард долларға жетті
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Қазақстан сенаты ТМД мемлекеттері арасындағы қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, олардың қызметі мен жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялады.
"Келіссөздер процесі он жылдан астам уақытқа созылды. Келісім - ТМД мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, қазақстандық өнім берушілерге серіктес елдердің нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қазақстандық капиталмен кәсіпорындар құру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ өзара инвестицияларды тартуға және қорғауға бағытталған", - деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
Қабылданған құжатқа сәйкес, дүниежүзілік сауда ұйымына қатысушы мемлекеттер ТМД елдеріне олардың халықаралық міндеттемелері шеңберінен кем емес қолайлы жағдайлар жасауға міндетті. Ал ДСҰ-ға кірмейтін мемлекеттер келісімге қол қойылған кезде олардың заңнамасына сәйкес шарттарды ұсынатын болады.
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қызметтерінің өзара саудасы 2024 жылы 4,3 млрд АҚШ долларын құрады. Соның ішінде қазақстандық қызметтер экспорты 2,2 млрд долларға жетті, ал ТМД елдерінен импорт — 2,1 млрд.
Өткен жылы ТМД мемлекеттерінен Қазақстан экономикасына құйылған инвестици көлемі 4 млрд долларды құрады, ал ТМД елдеріне тартылған қазақстандық инвестиция 0,6 млрд доллар болды.
Келісімді ратификациялау отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндік ашады, қызметтер мен инвестициялар саласын дамыту үшін тұрақты құқықтық негіз жасайды, сондай-ақ Қазақстанның ТМД кеңістігіндегі интеграциялық байланысын күшейтеді, деп хабарлады министрлік.