ЕАЭО елдері мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды

© Sputnik / Марина Лысцева / Медиабанкке өтуСингапур көрінісі
Сингапур көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
Жазылу
Тиісті заңға Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Қазақстан ЕАЭО елдері мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев “Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕАЭО 2025 жылы БАӘ және Индонезиямен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қол қоятыны бұған дейін хабарланды.
ЕАЭО еркін сауда аймағына қазіргі уақытта Иран, Вьетнам, Сербия және Сингапур кіреді.
Тағы бес ел - Үндістан, БАӘ, Мысыр, Индонезия және Моңғолия осы бойыншс келіссөздер жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0