Тоқаевқа Салық кодексі бойынша жұмыс қалай жүріп жатқаны баяндалды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев принял спикера мажилиса
Токаев принял спикера мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Сессия барысында депутаттар Сенатқа 62 заң жолдаса, оның 55-іне президент қол қойған және депутаттар жазға дейін қарауы тиіс тағы 76 заң жобасы бар
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Парламент мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоғамда резонанс тудырған жаңа Салық кодексінің жобасын депутаттардың қалай талқылап жатқанын айтып берді, деп хабарлады Ақорда.
Қошанов сессия басталғалы бері су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.
Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түскен.
Мәжіліс төрағасы жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы да айтты.
Ерлан Қошанов президентті "AMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам", "Ауыл аманаты", "Жер аманаты", "Әкімдер мектебі" секілді жобаларының жүзеге асырылу барысымен де таныстырды.
Ол парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Олардың қатарында мәжіліс делегациясының Ташкентте өткен 150-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына қатысуы мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, ТМД парламентаралық ассамблеясы бар.
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
"15 процент салық төлейді": Қанша адам 3 млн теңгеден артық жалақы алатыны белгілі болды
Жаңалықтар
0