https://sputnik.kz/20250416/medeu-muz-aydynynyn-inzhenerlik-infraqurylymy-zhanartylady-52490337.html
"Медеу" мұз айдынының инженерлік инфрақұрылымы жаңартылады
"Медеу" мұз айдынының инженерлік инфрақұрылымы жаңартылады
Sputnik Қазақстан
Былтыр ірі спорттық нысандарды қаланың балансына қайтару жұмыстары басталды 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T08:00+0500
2025-04-16T08:00+0500
2025-04-16T08:00+0500
алматы
мұз айдыны
https://sputnik.kz/img/07e9/03/13/51768423_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_b54281c81abb1daf06ca8d4ece66aefc.jpg
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. "Медеу" мұз айдынының инженерлік инфрақұрылымы жаңартылып, мұзда сырғанау сапасы артады. Бұл туралы қалалық әкімдік жазды."Медеу" мұз айдынында сырғанау маусымы ұзартылады. Сонымен қатар жасанды интеллектпен жабдықталған SmartICE жүйесі енгізіліп, жаңа қоғамдық кеңістіктер құру арқылы Медеуді жыл бойы жұмыс істейтін әлемдік деңгейдегі спорттық-туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр.Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы спорттық нысандар жекеменшіктің қолына өтіп кеткендіктен спортпен айналысуға мүмкіндік үнемі бола бермеген. Тіпті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан еліміздің үздік спортшыларын даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы ақпарат берді. Нәтижесінде былтыр ірі спорттық нысандарды қаланың балансына қайтару жұмыстары басталды. 2024 жылы "Almaty Arena" және "Halyk Arena" көпфункционалды кешендері коммуналдық меншікке өтті.Бұған қоса, кейінгі үш жылда қалада алты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, ал биыл тағы төрт кешеннің құрылысы басталады. Бұл шаралардың барлығы өскелең жас спортшылардың дайындығы үшін заманауи әрі қолжетімді жағдай жасауға және Алматыда бұқаралық және кәсіби спортты жүйелі дамытуға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250320/medeu-muz-aydyny-eki-zhylga-zhabylady-51811875.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/13/51768423_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_6bcbb410be72677cba56ce5bd96c755c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мұз айдыны
"Медеу" мұз айдынының инженерлік инфрақұрылымы жаңартылады
Былтыр ірі спорттық нысандарды қаланың балансына қайтару жұмыстары басталды
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. "Медеу" мұз айдынының инженерлік инфрақұрылымы жаңартылып, мұзда сырғанау сапасы артады. Бұл туралы қалалық әкімдік жазды.
"Медеу" мұз айдынында сырғанау маусымы ұзартылады. Сонымен қатар жасанды интеллектпен жабдықталған SmartICE жүйесі енгізіліп, жаңа қоғамдық кеңістіктер құру арқылы Медеуді жыл бойы жұмыс істейтін әлемдік деңгейдегі спорттық-туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы спорттық нысандар жекеменшіктің қолына өтіп кеткендіктен спортпен айналысуға мүмкіндік үнемі бола бермеген. Тіпті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан еліміздің үздік спортшыларын даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы ақпарат берді. Нәтижесінде былтыр ірі спорттық нысандарды қаланың балансына қайтару жұмыстары басталды. 2024 жылы "Almaty Arena" және "Halyk Arena" көпфункционалды кешендері коммуналдық меншікке өтті.
Бұған қоса, кейінгі үш жылда қалада алты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, ал биыл тағы төрт кешеннің құрылысы басталады. Бұл шаралардың барлығы өскелең жас спортшылардың дайындығы үшін заманауи әрі қолжетімді жағдай жасауға және Алматыда бұқаралық және кәсіби спортты жүйелі дамытуға бағытталған.