https://sputnik.kz/20250416/eldegi-turmystyq-zorlyq-zombylyq-4-ese-artqan-----52534312.html
Тұрмыстық зорлық-зомбылық 4 есе артты - балалар омбудсмені
Тұрмыстық зорлық-зомбылық 4 есе артты - балалар омбудсмені
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 17 мың хабарлама тіркелді 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T12:20+0500
2025-04-16T12:20+0500
2025-04-16T12:26+0500
тұрмыстық жанжал
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/18/49/184939_0:476:2417:1835_1920x0_80_0_0_e3a34f5a7e68fda7be8be8508f86cd1a.jpg
АЛМАТЫ, 16 cәуір – Sputnik. Биыл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 840 қылмыстық іс қозғалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Әсіресе "Азапатау" және "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" баптары бойынша көрсеткіш артқан. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 17 мың хабарлама тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ке аз.Балаларға жыныстық сипатта тиіскендерге жаңа бап енгізілді, бұл бап бойынша биыл үш айда 22 іс анықталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг жасау бойынша да жаңа бап енгізілді. Бұл бап бойынша биыл үш айда 74 құқық бұзушылық болған. Енді баланы қоғамдық көліктен күштеп түсіргендерге де жаңа әкімшілік жаза қолданылады. Биыл үш айда бұған қатысты 41 іс тіркелді. Қазақстанда отбасын қолдайтын 112 орталық ашылды, жыл соңына дейін тағы 110 орталық ашу жоспарланған.
https://sputnik.kz/20240616/qazaqstanda-turmystyq-zorlyq-zombylyqqa-qarsy-zan-kushine-endi-44995472.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/18/49/184939_0:158:2417:1970_1920x0_80_0_0_abdfde570cbd08bee47afe98e64544af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрмыстық жанжал, зорлық-зомбылық
тұрмыстық жанжал, зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық 4 есе артты - балалар омбудсмені
12:20 16.04.2025 (жаңартылды: 12:26 16.04.2025) Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 17 мың хабарлама тіркелді
АЛМАТЫ, 16 cәуір – Sputnik. Биыл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 840 қылмыстық іс қозғалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Әсіресе "Азапатау" және "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" баптары бойынша көрсеткіш артқан. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 17 мың хабарлама тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ке аз.
"Азаптау бойынша баптың редакциясы өзгертіліп, жаза күшейтілді. 2023 жылы 9 іс, 2024 жылы 24 іс, ал биыл үш айда 16 іс тіркелді. Оның алтауы сотқа жіберілген. Екі бап бойынша кінәлі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ол - жасөспірімді зорлау және кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер. Бұл баптар бойынша биыл 46 іс тіркелген", - деп жазды Зәкиева.
Балаларға жыныстық сипатта тиіскендерге жаңа бап енгізілді, бұл бап бойынша биыл үш айда 22 іс анықталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг жасау бойынша да жаңа бап енгізілді. Бұл бап бойынша биыл үш айда 74 құқық бұзушылық болған.
Енді баланы қоғамдық көліктен күштеп түсіргендерге де жаңа әкімшілік жаза қолданылады. Биыл үш айда бұған қатысты 41 іс тіркелді.
Қазақстанда отбасын қолдайтын 112 орталық ашылды, жыл соңына дейін тағы 110 орталық ашу жоспарланған.