Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді

© Sputnik / Абзал КалиевДомашнее насилие, драка, иллюстративное фото
Домашнее насилие, драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 16 маусымда "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заң күшіне енді. Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға 15 сәуірде қол қойды.
Оған сәйкес, зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі:
денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл, я болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстар, немесе 50 тәулікке дейін қамау;
адамды ұрғаны үшін 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл, 80 сағатты қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу.
Сондай-ақ, 15 маусымнан бастап зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы құрылым өз жұмысын бастайды.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
"102" пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 21 мыңнан астам хабарлама түскен
Жаңалықтар
0