https://sputnik.kz/20250416/astanada-elektrosamokattarga-arnalgan-arnayy-turaqtar-ashylady--52553575.html
Астанада электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылады
Астанада электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылады
Sputnik Қазақстан
Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылады 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T19:15+0500
2025-04-16T19:15+0500
2025-04-16T19:15+0500
астана әкімдігі
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459966_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c21777b5b8a4d584a434f4f9debf6f8f.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылады. Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылмақ. Ол үшін самокаттар жиі тасталып кететін он орын таңдалынады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.Тұрақтар арнайы жол белгілерімен және сызықтықтармен белгіленеді. Кикшеринг пайдаланушылары сапарларын дәл осы белгіленген жерде аяқтауы тиіс. Бұл тротуар мен жол жиегінде бей-берекет тасталған самокаттарға қатысты шағымдарды азайтуға көмектеседі.Бұл жұмысқа iKomek жедел әрекет ету және мониторинг орталығы да қосылды. Орталықта самокаттардың дұрыс қойылмауына байланысты шағымдарды жедел өңдеу үшін жаңа жүктеу жүйесі әзірленіп, операторлар арнайы оқытылмақ.Бастаманы Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы мен елордадағы барлық кикшеринг компаниялары қолдады.Электросамокат жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол картасы да әзірленген. Қалалық басқармалар, полиция және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, ақпараттық кампаниялар, қауіпсіз жүргізу бойынша сабақтар мен ереже бұзушылықтарды анықтау рейдтері ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20250404/samokattar-da-tirkeuge-alynuy-mumkin----ishki-ister-ministrligi-52208766.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459966_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b888de8c035ea465c56023e1364b7320.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана әкімдігі
Астанада электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылады
Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылады
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылады. Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылмақ. Ол үшін самокаттар жиі тасталып кететін он орын таңдалынады, деп
хабарлайды Астана әкімдігі.
Тұрақтар арнайы жол белгілерімен және сызықтықтармен белгіленеді. Кикшеринг пайдаланушылары сапарларын дәл осы белгіленген жерде аяқтауы тиіс. Бұл тротуар мен жол жиегінде бей-берекет тасталған самокаттарға қатысты шағымдарды азайтуға көмектеседі.
"Астаналық тұрғындардан ең жиі келіп түсетін шағымдардың бірі – көшеде бей-берекет тасталған самокаттар. Арнайы тұрақ аймақтары осы мәселеге тәртіп орнатып, қаладағы қозғалысты қауіпсіз етеді", – дейді Нұра ауданының әкімдігі.
Бұл жұмысқа iKomek жедел әрекет ету және мониторинг орталығы да қосылды. Орталықта самокаттардың дұрыс қойылмауына байланысты шағымдарды жедел өңдеу үшін жаңа жүктеу жүйесі әзірленіп, операторлар арнайы оқытылмақ.
Бастаманы Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы мен елордадағы барлық кикшеринг компаниялары қолдады.
Электросамокат жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол картасы да әзірленген. Қалалық басқармалар, полиция және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, ақпараттық кампаниялар, қауіпсіз жүргізу бойынша сабақтар мен ереже бұзушылықтарды анықтау рейдтері ұйымдастырылады.