https://sputnik.kz/20250404/samokattar-da-tirkeuge-alynuy-mumkin----ishki-ister-ministrligi-52208766.html
Самокаттар да тіркеуге алынуы мүмкін - Ішкі істер министрлігі
Самокаттар да тіркеуге алынуы мүмкін - Ішкі істер министрлігі
Sputnik Қазақстан
Маусым ашылғаннан бері самокат жүргізушілері 1,5 мың рет жол ережесін бұзған 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T15:54+0500
2025-04-04T15:54+0500
2025-04-04T15:56+0500
жол жүру ережесі
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/16/18476523_0:287:3067:2012_1920x0_80_0_0_6a96d0d46eac3ad634220c0a98932836.jpg
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Самокат жүргізушісі жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірмеуі керек. Егер олар жол қозғалысы ережесін бұза берсе, белгіленген тәртіппен тіркеуге тура келеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев баспасөз конференциясында мәлім етті.Оның айтуынша, маусым ашылғаннан бері 1,5 мыңға жуық бұзушылық анықталған. Электр скутерлерін пайдаланушылардың қатысуымен тіркелген жол апаты мен зардап шеккендер бар. "Электросамокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен, ал ол болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалады. Жүру бөліктеріне жүргізуші куәлігі бар және міндетті түрде мотошлем киген 18 жастан асқан адамдар жіберіледі. Тротуарда жүруге рұқсат етіледі, бірақ бұл жерде жаяу жүргіншінің тротуарда басымдыққа ие екендігіне назар аударғым келеді, яғни электросамокаттардың жүргізушісі жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірмеуі керек", - деді Сұлтанбаев.Сонымен қатар электросамокат жүргізушілеріне рульді бір ғана қолымен ұстауға, жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға, басқа көлікті сүйреуге, тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын затсыз жүруге тыйым салынады.Ол электр скутерлері мәселесі бойынша басқа елдердің тәжірибесін ескеру және ең алдымен оларға үлкен сұраныс бар аудандарда жеке жолдар салу қажет екенін айтты.
https://sputnik.kz/20250318/koshede-moped-kobeydi--politsiya-eskertu-zhasady-51723192.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/16/18476523_157:0:2886:2047_1920x0_80_0_0_15d4e93b5ecdb90c304b9eb8025fef34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, ішкі істер министрлігі
жол жүру ережесі, ішкі істер министрлігі
Самокаттар да тіркеуге алынуы мүмкін - Ішкі істер министрлігі
15:54 04.04.2025 (жаңартылды: 15:56 04.04.2025) Маусым ашылғаннан бері самокат жүргізушілері 1,5 мың рет жол ережесін бұзған
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Самокат жүргізушісі жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірмеуі керек. Егер олар жол қозғалысы ережесін бұза берсе, белгіленген тәртіппен тіркеуге тура келеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев
баспасөз конференциясында мәлім етті.
Оның айтуынша, маусым ашылғаннан бері 1,5 мыңға жуық бұзушылық анықталған. Электр скутерлерін пайдаланушылардың қатысуымен тіркелген жол апаты мен зардап шеккендер бар.
"Электросамокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен, ал ол болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалады. Жүру бөліктеріне жүргізуші куәлігі бар және міндетті түрде мотошлем киген 18 жастан асқан адамдар жіберіледі. Тротуарда жүруге рұқсат етіледі, бірақ бұл жерде жаяу жүргіншінің тротуарда басымдыққа ие екендігіне назар аударғым келеді, яғни электросамокаттардың жүргізушісі жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірмеуі керек", - деді Сұлтанбаев.
Сонымен қатар электросамокат жүргізушілеріне рульді бір ғана қолымен ұстауға, жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға, басқа көлікті сүйреуге, тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын затсыз жүруге тыйым салынады.
"Егер электроскутерлер жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыра берсе, біз оларды белгіленген тәртіппен тіркеуге және оларды жүргізетіндердің куәлігі болуын талап етуге тура келеді", – деді Сұлтанбаев.
Ол электр скутерлері мәселесі бойынша басқа елдердің тәжірибесін ескеру және ең алдымен оларға үлкен сұраныс бар аудандарда жеке жолдар салу қажет екенін айтты.