https://sputnik.kz/20250415/utilalymnyn-qyruar-qarzhysy-qayda-zhumsalady--52486544.html
Утильалымның қыруар қаржысы қайда жұмсалады
Утильалымның қыруар қаржысы қайда жұмсалады
Sputnik Қазақстан
Утильалымның ақшасына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізіледі 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T11:30+0500
2025-04-15T11:30+0500
2025-04-15T11:30+0500
утилизациялық алым
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52474063_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_dfc761c568e6505335e30c659a1be1af.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев утильалымның қыруар қаржысы қалай жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгінде утиль төлем есебінен облыс әкімдіктеріне қарасты орман шаруашылықтарына лизингкке 20 млрд теңге бөлінді. Оған қоса, қажетті техниканы сатып алуға жергілікті бюджеттерде 6,3 млрд теңге қарастырылған. Осы шаралар орман өрті ең көп орын алатын 11 өңірде орман шаруашылықтарының техникасын жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, утильалымның ақшасына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізіледі. Бүгінде ондай жүйе “Ертіс орманы” резерватында бар. Осылайша, жыл соңына дейін ерте анықтау жүйесі 5,6 млн. га мемлекеттік орман қорын қамтиды.
https://sputnik.kz/20240514/orman-qorynyn-2-protsenti-gana-ortti-erte-anyqtau-zhuyesimen-qamtylgan-44262673.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52474063_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ce506483ee1e4a95d646ea6589c5ccc0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
утилизациялық алым
Утильалымның қыруар қаржысы қайда жұмсалады
Утильалымның ақшасына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізіледі
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев утильалымның қыруар қаржысы қалай жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде утиль төлем есебінен облыс әкімдіктеріне қарасты орман шаруашылықтарына лизингкке 20 млрд теңге бөлінді. Оған қоса, қажетті техниканы сатып алуға жергілікті бюджеттерде 6,3 млрд теңге қарастырылған.
“Осылайша, биыл әкімдіктердің орман шаруашылықтарына жалпы құны 26,3 млрд теңгені құрайтын 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман патрульдік кешенін және 247 тракторды сатып алу жоспарланған”, - деді Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы шаралар орман өрті ең көп орын алатын 11 өңірде орман шаруашылықтарының техникасын жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, утильалымның ақшасына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізіледі. Бүгінде ондай жүйе “Ертіс орманы” резерватында бар.
“Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен жүйе “Семей орманы” резерватында орнатылады. “Семей орманы” резерватынан басқа, жүйе 23 орман шаруашылықтарында утиль төлем есебінен енгізілетін болады”, - деп атап көрсетті министр.
Осылайша, жыл соңына дейін ерте анықтау жүйесі 5,6 млн. га мемлекеттік орман қорын қамтиды.