https://sputnik.kz/20240514/orman-qorynyn-2-protsenti-gana-ortti-erte-anyqtau-zhuyesimen-qamtylgan-44262673.html
Орман қорының 2 проценті ғана өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған
Орман қорының 2 проценті ғана өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған
Sputnik Қазақстан
Орман және табиғатты қорғау мекемелерін өрт сөндіру техникаларымен жарақтандыру қарқыны мардымсыз 14.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-14T20:58+0500
2024-05-14T20:58+0500
2024-05-14T20:58+0500
орман өрті
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35176208_107:0:1131:576_1920x0_80_0_0_029f31f12c3ae2d58cce8aefa6a70f86.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда орман қорының 2 проценті ғана өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, былтыр 116 мың гектардан астам орман қоры жанып кетті. Ал экологиялық залалды былай қойғанда материалдық шығынның көлемі 160 млрд теңгеден асты.Биылдың өзінде 30-ға жуық орман өрті тіркелді. Мәселен, өткен жылы өрттен қатты зардап шеккен "Семей орманы" аумағы биыл тағы да отқа оранды. Бұдан бөлек, бірнеше облыста қураған шөп пен қамыс өртенді.Қазіргі кезде табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Алайда кейбір өңірлер баяу қимылдайды. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Ұлытау облыстарында минералданған жолақтарды жасау енді ғана басталды. Ал Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарындағы аумақтар әлі күнге дейін қураған шөп пен қоқыстардан тазартылмаған."Орман және табиғатты қорғау мекемелерін өрт сөндіру техникаларымен жарақтандыру қарқыны мардымсыз. Біз бұған өткен жылы көз жеткіздік. Ұшқышсыз ұшатын аппараттардың тапшылығы орман қоры мен даланы әуеден толық тексеруге мүмкіндік бермей отыр", — деді Бектенов.Оның айтуынша, заманауи техникалар мен табиғи өрттерді сөндіру құралдардың болмауы қызыл жалынмен күресте шұғыл шаралар қабылдауға кедергі келтіреді.Бүгінгі таңда мемлекеттік орман қорының 2 проценті ғана орман өртін ерте анықтау жүйесімен қамтылған."Бурабай" ұлттық паркінің аумағында қолданысқа енгізілген смарт-жүйенің арқасында соңғы жылдары өрт оқиғасы айтарлықтай қысқарды және өртке қарсы шұғыл әрекет ету жұмыстары күшейтілді."Бұл тәжірибені басқа да табиғи парктер мен резерваттарда қолдану керек", - деп түйіндеді үкімет басшысы.
https://sputnik.kz/20240514/zhaz-bastalmay-zhatyp-27-orman-orti-tirkeldi-ministrlik-aldyn-alu-sharalaryna-toqtaldy-44259946.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35176208_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_2654f6c4908411a68cdfdd4ce094f66e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орман өрті
Орман қорының 2 проценті ғана өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған
Орман және табиғатты қорғау мекемелерін өрт сөндіру техникаларымен жарақтандыру қарқыны мардымсыз
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда орман қорының 2 проценті ғана өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан primeminister.kz сайтына
сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр 116 мың гектардан астам орман қоры жанып кетті. Ал экологиялық залалды былай қойғанда материалдық шығынның көлемі 160 млрд теңгеден асты.
Биылдың өзінде 30-ға жуық орман өрті тіркелді. Мәселен, өткен жылы өрттен қатты зардап шеккен "Семей орманы" аумағы биыл тағы да отқа оранды. Бұдан бөлек, бірнеше облыста қураған шөп пен қамыс өртенді.
"Қазгидрометтің болжамына сәйкес, алдағы жаз айлары ыстық әрі құрғақшылық болады. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында, сондай-ақ оңтүстігінде аптап ыстық ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан өрт қаупі жоғары", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Алайда кейбір өңірлер баяу қимылдайды. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Ұлытау облыстарында минералданған жолақтарды жасау енді ғана басталды. Ал Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарындағы аумақтар әлі күнге дейін қураған шөп пен қоқыстардан тазартылмаған.
"Орман және табиғатты қорғау мекемелерін өрт сөндіру техникаларымен жарақтандыру қарқыны мардымсыз. Біз бұған өткен жылы көз жеткіздік. Ұшқышсыз ұшатын аппараттардың тапшылығы орман қоры мен даланы әуеден толық тексеруге мүмкіндік бермей отыр", — деді Бектенов.
Оның айтуынша, заманауи техникалар мен табиғи өрттерді сөндіру құралдардың болмауы қызыл жалынмен күресте шұғыл шаралар қабылдауға кедергі келтіреді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік орман қорының 2 проценті ғана орман өртін ерте анықтау жүйесімен қамтылған.
"Бурабай" ұлттық паркінің аумағында қолданысқа енгізілген смарт-жүйенің арқасында соңғы жылдары өрт оқиғасы айтарлықтай қысқарды және өртке қарсы шұғыл әрекет ету жұмыстары күшейтілді.
"Бұл тәжірибені басқа да табиғи парктер мен резерваттарда қолдану керек", - деп түйіндеді үкімет басшысы.