Қазақстанда алғаш рет тас жолда реверсивті қозғалыс енгізіледі

Қазақстанда алғаш рет тас жолда реверсивті қозғалыс енгізіледі
Қазақстанда алғаш рет тас жолда реверсивті қозғалыс енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
Жазғы маусымда туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деген болжам бар
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында тас жолдың бір жолағында реверсивті қозғалыс енгізіледі, деп хабарлады көлік министрлігі.
Қазіргі кезде "Көкшетау – Зеренді" тасжолында орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Дәл осы жолда реверсивті қозғалыс жолағы болады.
"Жоба аясында жолдың ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, үш жолақты қозғалыс жүйесі іске қосылып, оның бір жолағы реверсивті болады. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алуға мүмкіндік бермек", - дейді министрлік мамандары.
Әсіресе, жазғы маусымда туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деген болжам бар.
"Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымды қамтиды. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр", – деді вице-министр Мақсат Қалиақпаров.
Айта кетері, реверсивті жолақта қозғалыс бағытын өзгертіп отыруға болады. Мәселен, таңертең бір бағытта баратын көліктер көбейсе, сол жаққа қарай қозғалыс бағыты қойылады. Ал кешке қарай қайтатын уақытта кері қозғалыс кері бағытта болады. Оны бағдаршаммен немесе арнайы белгілермен көрсетіп қояды.
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жыл басынан бері жүргізушілер қай ақылы жолды ең көп қолданған
Жаңалықтар
0