Жыл басынан бері жүргізушілер қай ақылы жолды ең көп қолданған
© Sputnik / Медина КураковаАқылы жол

© Sputnik / Медина Куракова
Жазылу
Ақылы жолдар жылдам қозғалысты дамытып, қалалар мен көрші мемлекеттер арасындағы тұрақты байланысты нығайтуға ықпал етеді
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 12 млн астам рет жүріп өтті, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бұл көрсеткіштер еліміздегі сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын және оның экономикалық дамудағы шешуші рөлін айқын көрсетеді.
Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған және олардың маңыздылығына қысқаша сипаттама берілген:
1. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,98 млн)
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы негізгі байланысты қамтамасыз ететін ең ірі бағыттардың бірі.
2. Алматы – Қонаев (1,88 млн)
Оңтүстік өңірге және Алматының таулы аймақтарына саяхаттағысы келетін туристер үшін маңызды күре жол.
3. Шымкент – Тараз (1,2 млн)
Оңтүстіктегі екі ірі қаланы байланыстырып, іскерлік сапарларды және өңірлік туризмді дамытуға септігін тигізеді.
4. Тараз – Қайнар (1,02 млн)
Жол уақытын қысқартып, жүк тасымалын жеңілдететін маңызды бағыт.
5. Шымкент – Қызылорда (970 мың)
Тауарды тез тасымалдауға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыт.
6. Алматы – Қорғас (929 мың)
Қытаймен халықаралық дәліздің маңызды бөлігі, шекара маңындағы сауданы жандандырады.
7. Астана – Теміртау (768 мың)
Астананы өнеркәсіптік орталықпен байланыстырып, орталық өңірдің экономикасының өсуіне әсерін ықпал етеді.
8. Қонаев – Талдықорған (712 мың)
Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуына және іскерлік қатынастар үшін маңызды.
9. Щучинск – Көкшетау (613 мың)
Ішкі туризмнің әлеуетін артуына үлес қосатын бағыт.
10. Астана – Щучинск (609 мың)
Елорда мен курорттық аймақты байланыстырып, сауықтыру және спорт туризмін дамытады.
Жиі қолданылған тағы басқа 10 ақылы жолды мына жерден білуге болады.
Ақылы жолдар жылдам қозғалысты дамытып, қалалар мен көрші мемлекеттер арасындағы тұрақты байланысты нығайтып, сауда, туризм және өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.