Қазақстан құрамасы бокстан тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан тоғыз медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы бокстан тоғыз медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
Турнир Бакуде өтті
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан "Жібек жолы" турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы саны тоғыз жүлдеге ие болды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
Алтын медальді Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Виктория Байдукова (57 келіге дейін) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) иеленді.
Қола медаль иегерлері:
Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін);
Элянур Тұрғанова (50 келіге дейін);
Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін);
Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін);
Әзиза Исина (70 келіге дейін);
Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2025
Әлем кубогында қазақстандық боксшылар үш алтын жеңіп алды
Жаңалықтар
0