Әлем кубогында қазақстандық боксшылар үш алтын жеңіп алды

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшылар Бразилияда өткен Әлем кубогында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бокс федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, Жазира Орақбаева (51 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) пен Дәулет Төлемісов (85 келі) алтын жүлдені жеңіп алса, Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (80 келі) пен Даниял Сапарбай (+90 келі) қола медальді қанағат тұтты.
Айта кетері, жаңада құрылған World Boxing 2025 жылғы әлем кубогын бірнеше жерде өткізуге шешім қабылдады. Алдымен Бразилия (31 наурыз – 5 сәуір), одан кейін Қазақстан (30 маусым – 7 шілде), үшінші кезең – 21-21 шілде (орны анықталып жатыр), ал финал 15-22 қараша аралығында Үндістанда ұйымдастырылады.
Бразилияға 11 қазақстандық боксшы (8 ер адам мен 3 әйел) барған болатын.
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2024
Бокс бапкерін 37 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді
Жаңалықтар
0