Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы департамент директоры күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
Сонымен қатар мәслихаттың бұрынғы депутаты Әбішев те тергеліп жатыр
АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы департамент директоры 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қылмыстық істі агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті анықтаған.
"Бюджет қаражатын жымқырып, одан әрі жылыстатты деген күдікке ілінген мәслихаттың бұрынғы депутаты Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды", - деп жазды ведомство.
Тергеу кезінде бұрынғы ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің экс-директоры Айымбетовтың алаяқтыққа қатысы бар екені анықталған.
"Оның 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында жасалған алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Әбішев пен Айымбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электронды цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жеткізілгені туралы жалған құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған", - дейді агенттік.
Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің экс-директоры екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Выступление Алихана Смаилова в мажилисе парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Субсидия алған 2,5 мыңнан астам субъекті жұмысын тоқтатқан – Смайылов
Жаңалықтар
0