https://sputnik.kz/20250414/resey-europa-kenesi-parlamenttik-assambleyasynyn-qararyn-qalay-bagalady-52471681.html
Ресей Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының қарарын қалай бағалады
Ресей Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының қарарын қалай бағалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Батыс өз агенттеріне жол ашып беруге тырысып келеді. Ал өз егемендігін қорғайтындарға олай істеуге тыйым салып отыр. Бұл туралы... 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T16:40+0500
2025-04-14T16:40+0500
2025-04-14T16:40+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/84/36/843673_0:95:2868:1708_1920x0_80_0_0_b42476c335509ea59dec93ae07738b97.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Батыс өз агенттеріне жол ашып беруге тырысып келеді. Ал өз егемендігін қорғайтындарға олай істеуге тыйым салып отыр. Бұл туралы мемлекеттік дума жанындағы Ресейдің ішкі мәселесіне шет мемлекеттердің араласу фактілерін тергеу комиссиясының жетекшісі Василий Пискарев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясы кезекті қарарды мақұлдады. Пискаревтің айтуынша, ЕКПА "Шетелдік араласу – Еуропадағы демократиялық қауіпсіздіктің қатері" атты Ресейге қарсы кезекті қарарды қабылдап отыр.Оның сөзіне қарағанда, қарарда Ресейге қарсы іс-қимыл жасау үшін Еуропадағы арнайы қызметтердің жұмысын үйлестіру, осы орайда НАТО тәжірибесін қолдану ұсынылып отыр. Сондай-ақ, шетелдік агенттерді жауапкершілікке тартудың құқықтық механизмдерін күшейтуге басымдық беріледі."Еуропалық парламентарийлер Франция, Канада, америкалық FARA заңына және ағылшынның FIRS жүйесіне сүйенбекші. Онда Ресейге қарағанда әлдеқайда қатаң шаралар қарастырылған. Бірақ шетелдік агенттерге қатысты ресейлік заңнама тағы "демократиялық стандарттарды" бұзады делінген", - деп атап көрсетті Пискарев.Комиссия басшысы Ресейге осы бағыттағы жұмысты тоқтатуға болмайтынын мәлімдеді. Себебі Батыста керісінше сыртқы күштерге қарсы шараларды күшейтіп жатыр.
https://sputnik.kz/20250414/memlekettik-duma-sheteldik-agentterge-qatysty-zandy-qabyldady-52470334.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/84/36/843673_137:0:2868:2048_1920x0_80_0_0_582f5e662882e828a922e1a6377c2e5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының қарарын қалай бағалады
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Батыс өз агенттеріне жол ашып беруге тырысып келеді. Ал өз егемендігін қорғайтындарға олай істеуге тыйым салып отыр. Бұл туралы мемлекеттік дума жанындағы Ресейдің ішкі мәселесіне шет мемлекеттердің араласу фактілерін тергеу комиссиясының жетекшісі Василий Пискарев мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости.
Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясы кезекті қарарды мақұлдады. Пискаревтің айтуынша, ЕКПА "Шетелдік араласу – Еуропадағы демократиялық қауіпсіздіктің қатері" атты Ресейге қарсы кезекті қарарды қабылдап отыр.
"Батыс өзінің "ықпал етуші агенттеріне" жолды барынша тазартып беруге тырысып жатыр. Ал ішкі заңнамасын қатаңдатуға кірісті. Осылайша, өз егемендігін қорғайтындарға олай істеуге тыйым салып отыр", - дейді Пискарев.
Оның сөзіне қарағанда, қарарда Ресейге қарсы іс-қимыл жасау үшін Еуропадағы арнайы қызметтердің жұмысын үйлестіру, осы орайда НАТО тәжірибесін қолдану ұсынылып отыр. Сондай-ақ, шетелдік агенттерді жауапкершілікке тартудың құқықтық механизмдерін күшейтуге басымдық беріледі.
"Еуропалық парламентарийлер Франция, Канада, америкалық FARA заңына және ағылшынның FIRS жүйесіне сүйенбекші. Онда Ресейге қарағанда әлдеқайда қатаң шаралар қарастырылған. Бірақ шетелдік агенттерге қатысты ресейлік заңнама тағы "демократиялық стандарттарды" бұзады делінген", - деп атап көрсетті Пискарев.
Комиссия басшысы Ресейге осы бағыттағы жұмысты тоқтатуға болмайтынын мәлімдеді. Себебі Батыста керісінше сыртқы күштерге қарсы шараларды күшейтіп жатыр.