Ресейде халықаралық ұйымдарға көмектесетін шетелдік агенттерге қатысты заң қабылданды

© Sputnik / Виталий БелоусовЗдание Государственной Думы РФ на улице Охотный ряд в Москве
Здание Государственной Думы РФ на улице Охотный ряд в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Депутаттардың айтуынша, бұл заң Ресейдің қауіпсіздігі, қорғанысы мен конституциялық құрылысына қарсы қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік дума Ресей Федерациясы кірмейтін халықаралық ұйымдарға қатысы бар адамдарды шетелдік агент ретінде тану туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл бастаманы дума төрағасы Вячеслав Володин, оның орынбасары Ирина Яровая, "Біртұтас Ресей", Коммунистік партия, "Шындықты жақтайтын Әділетті Ресей" мен Либералды-демократиялық партия фракцияларының жетекшілері мен мүшелері, барлығы 400 депутат көтерді.
Заңға сәйкес, Ресей Федерациясы кірмейтін халықаралық ұйымдардың (мәселен, Халықаралық қылмыстық сот) немесе шетелдегі мемлекеттік органдардың шешімдерін орындауға қатысатын адамдар шетелдік агент болып танылады. Әскери-техникалық қызмет саласында мемлекетке қарсы қолдануға болатын мәліметтерді жинаған, сондай-ақ осы сипаттағы хабарламаларды таратқан және оны дайындауға қатысқан адамдар да шетелдік агент ретінде жауапқа тартылады.
Дума төрағасының орынбасары Ирина Яроваяның айтуынша, заңға енгізіліп отырған шешімдердің бәрі Ресейдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне, елдің әрбір азаматына қарсы қылмыстар үшін нақты жауапкершілікті бекітуді көздейді. Ал дума төрағасы Володин осы заң Ресей мен оның азаматтарын сыртқы жаудан қорғап, Ресейдің қауіпсіздігі, қорғанысы мен конституциялық құрылысына қарсы қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Қытай СІМ басшылары Украина дағдарысын талқылады
Жаңалықтар
0