Мьянмада Қазақстанның 4 азаматы еңбек құлдығынан босатылды

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiРешетка
Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2025
Жазылу
Орталық Азияның 13 азаматы заңсыз колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүр болған
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Өзбекстан дипломаттары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан барған 13 адамды Мьянмадағы еңбек құлдығынан құтқарды, деп хабарлайды "Дунё" ақпарат агенттігі.
"Өзбекстанның Таиландтағы бас консулдығы Мьянмада адам саудасының құрбаны болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарының отанына оралуына көмек көрсетті", - делінген хабарламада.
Олардың әрқайсысын Таиландқа жалақысы жоғары жұмысқа шақырған, бірақ кейін адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтар оларды Мьянмаға алдырып, алаяқтық колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген.
Дипломаттар Мьянма мен Таиландтың құзырлы органдарымен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде Өзбекстанның екі азаматы, Қазақстанның төрт азаматы және Қырғызстанның жеті азаматы отанына оралды.
Жәбірленушілердің айтуынша жұмысты орындаудан бас тартқандарды ұрып-соққан және бас бостандығын алу үшін үлкен көлемде ақшалай өтемақы төлеуді талап еткен.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
"Баланы 100 мың теңгеге сатады": Қазақстанда адам саудасы үшін жаза күшейтіледі
Жаңалықтар
0