Түркістан мен Орал қалаларында "Жас құтқарушылар" кадет сыныптары ашылды

© Пресс-служба МЧС КазахстанаТүркістан мен Орал қалаларында "Жас құтқарушылар" кадет сыныптары ашылды
Түркістан мен Орал қалаларында Жас құтқарушылар кадет сыныптары ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Салтанатты шарада оқушылар ант қабылдап, арнайы куәліктер алды
АЛМАТЫ, 11 сәуір - Sputnik. Қазақстан өңірлерінде "Жас құтқарушылар" кадет сыныптары ашылып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"Бұл бастама жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықты арттыруға және жауапкершілігі мол, кәсіби дайын азаматтарды тәрбиелеуге бағытталады", - делінген хабарламада.
Кадет сыныптары Түркістан мен Орал қалаларында салтанатты түрде ашылды.
Батыс Қазақстан облысында кадет сыныбы Орал қаласының № 40 мектебінің базасында "Құтқарушы болу — үлкен батылдықтың көрінісі" ұранымен ашылды. Сыныпқа 8 бен 11-ші сыныптардың 20 оқушысы қабылданды.
Салтанатты шарада оқушылар ант қабылдап, арнайы куәліктер алды.
Астанадағы кадет сыныбына ауған соғысы ардагерінің есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Астанадағы кадет сыныбына ауған соғысы ардагерінің есімі берілді
Жаңалықтар
0