Астанадағы кадет сыныбына ауған соғысы ардагерінің есімі берілді

© Пресс-служба Минобороны КазахстанаАстанадағы кадет сыныбына ауған соғысы ардагерінің есімі берілді
Астанадағы кадет сыныбына ауған соғысы ардагерінің есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Жазылу
Сондай-ақ қалада тағы да бірнеше іс-шаралар өткізілді
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай іс-шаралар өтті, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараларды Қарулы күштердің Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы, Білім министрлігі Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының және "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық балалар мен жасөспірімдер қозғалысының басшылығы ұйымдастырды.
Шараға Ауған соғысының ардагерлері, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары шақырылды. Жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
"Төтенше жағдайларда олар нағыз батылдық, төзімділік пен табандылық көрсетті. Адам сенгісіз сынақтардан өтіп, нағыз патриотизм мен жауынгерлік рухтың барлық кедергілерді жеңе алатынын дәлелдеді. Олардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталады", – деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары, полковник Тілек Серіков.
Шара аясында 68665 әскери бөлімі қару-жарақ көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар мен студенттер Ұлы Отан соғысының жәдігерлері қойылған Әскери-тарихи мұражайдың көрмесін де тамашалады.
Дәл осы күні әскери мұражайдың атриумында елордадағы №71 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен "Ерлік сабағы" өтіп, №71 мектеп-лицейдің бесінші сыныбына Борис Керімбаевтың есімін беру туралы куәлікке табысталды.
Ветерана Великой Отечественной Ивана Шевцова с 99-летием поздравили в Семее - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Абай облысында әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін 99 жасқа толуымен құттықтады
Жаңалықтар
0