Субсидиялау саласында бірыңғай салалық цифрлық платформа құрылады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Әртүрлі жүйелерде жұмыс істеу пайдаланушылар үшін қиындықтар туғызып отыр
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі тауар өндірушілерге субсидия төлеу үшін қолданыстағы Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ) негізінде бірыңғай салалық цифрлық платформа құруды ұсынды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың айтуынша, қазіргі уақытта фермерлер субсидияларды үш түрлі мемлекеттік органнан және үш түрлі ақпараттық жүйе арқылы алып отыр: АШМ, СИМ, ал жақын арада ЦДИАӨМ-де фермерлерге интернет пайдалану бойынша субсидиялау жүйесін іске қосу жоспарлануда.
Әртүрлі жүйелерде жұмыс істеу пайдаланушылар үшін қиындықтар туғызуда. Вице-министр барлық жүргізілген және аяқталып жатқан интеграцияларды ескере отырып, Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі АӨК саласындағы барлық қызметке субсидия берудің бірыңғай салалық платформасы болуға дайын екенін мәлімдеді.
"Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл ұсынысты қолдап, осы үдеріске тартылған барлық мемлекеттік органға, соның ішінде Қаржы министрлігіне, СМАЖ-нің АӨК саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған бірыңғай салалық платформа ретіндегі функционалын әзірлеу бойынша бірыңғай тұжырымдама жасауды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Фермерлерден субсидия төлеу үдерісінің ұзаққа созылуына байланысты келіп түскен көптеген өтінішті ескере отырып, вице-премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне СМАЖ жүйесінде жылға бөлінген қаржы шеңберінде субсидия төлеу өтінімдерінің электронды кезегін қалыптастыру мүмкіндігін іске асыруды тапсырды.
Жаңа жаңартулар мемлекет тарапынан фермерлерді қолдауға бөлінген жылдық бюджетті автоматты түрде есептеп, келесі кезеңге кезек қалыптастырып отыруы тиіс, бұл ретте биылға қарыз қалдырылмайды.
Выступление Алихана Смаилова в мажилисе парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Субсидия алған 2,5 мыңнан астам субъекті жұмысын тоқтатқан – Смайылов
Жаңалықтар
0