Девальвация бола ма - Ұлттық банк басшысы жауап берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевТимур Сулейменов
Тимур Сулейменов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Бас банкир халықтың санасында қалыптасқан девальвация, яғни, "таңертең оянғанда мүлдем басқа бағамдар тұратын күндер" келмеске кетті деп отыр
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас банкир халықтың санасында қалыптасқан девальвация, яғни, "таңертең оянғанда мүлдем басқа бағамдар тұратын күндер" келмеске кетті деп отыр. Айтуынша, бүгінде теңге бағамы нарық жағдайына қарай қалыптасып отырады.
"Біз бәріміз оны көріп отырмыз. Теңге бағамы бір күнде күрт өсіп жатқан жоқ. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен көтеріледі я болмаса төмендейді. Әрине, біз үшін мұнай бағасы маңызды",- деді Сүлейменов бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, мұнай бағасы жоғары болса, жағдай да тұрақты болады.
"Дүрлігуге себеп жоқ. Елімізде экономикалық өсім де, мемлекеттік қаржының көрсеткіштері тиісті деңгейде тұр. Сондықтан қазіргі жағдай тұрақты. Ал динамикасы қалай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Барлығы әлемдік энергетика мен қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты болады",-деп атап көрсетті ұлттық банк төрағасы.
Айта кетері, Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарып, 16,5 пайыз деңгейінде қалдырған еді.
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды
Жаңалықтар
0