Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде қалды
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Жылдық инфляция наурыз қорытындысы бойынша 10%-ке дейін үдей түсті. Алайда болжанған 10-12% диапазон шегінде қалыптасты.
"Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түсті", - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.
Инфляция ақпандағы 1,5%-пен салыстырғанда наурызда 1,3%-ке дейін баяулады. Бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтердің бәсеңдеуіне байланысты.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Тимур Сулейменов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін – Сүлейменов
Жаңалықтар
0