https://sputnik.kz/20250411/biyl-shymkentte-14-million-sharshy-metr-baspanany-paydalanuga-beru-zhosparlangan-52413040.html
Биыл Шымкентте 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған
Биыл Шымкентте 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған
Sputnik Қазақстан
Тоқаевқа қаланың перспективті құрылыс жоспары таныстырылды 11.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-11T16:25+0500
2025-04-11T16:25+0500
2025-04-11T16:25+0500
шымкент
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52412515_0:37:1280:757_1920x0_80_0_0_e3d74fd030f6dc3b4a5bbe63ed005af3.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарап, көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын.Мемлекет басшысына қаладағы Орталық стадионның, перинаталдық орталықтың, паралимпиадашыларға арналған спорт кешенінің, мектептердің және тағы да басқа әлеуметтік нысандар құрылысының перспективті жобалары көрсетілді.Биыл шамамен 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде 320 мың шаршы метрден астам пәтер мемлекеттік бюджет есебінен салынады.Қалада жаңадан "Ақжайық", "Бозарық" және "Тұран" шағын аудандары пайда болды.
https://sputnik.kz/20250411/shymkentte-madeniet-zhane-oner-universiteti-ashylady-52412378.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52412515_111:0:1170:794_1920x0_80_0_0_7e457facf65e7a1c1862ccc1f789ca4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, тұрғын үй
Биыл Шымкентте 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған
Тоқаевқа қаланың перспективті құрылыс жоспары таныстырылды
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарап, көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын.
Мемлекет басшысына қаладағы Орталық стадионның, перинаталдық орталықтың, паралимпиадашыларға арналған спорт кешенінің, мектептердің және тағы да басқа әлеуметтік нысандар құрылысының перспективті жобалары көрсетілді.
"Президентке жекеменшік тұрғын үй кешендерінің бей-берекет өсуіне шектеу қойып, 2035 жылға дейін көпқабатты үйлердің үлесін 60 пайызға жеткізу жоспары жөнінде баяндалды", - деп жазылған хабарламада.
Биыл шамамен 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде 320 мың шаршы метрден астам пәтер мемлекеттік бюджет есебінен салынады.
Қалада жаңадан "Ақжайық", "Бозарық" және "Тұран" шағын аудандары пайда болды.