Шымкентте Мәдениет және өнер университеті ашылады

© PhotoВиды города Шымкент
Виды города Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Тоқаев қала әкімі мен мәдениет және ақпарат министріне тиісті тапсырма берді
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысуды жоспарлап отыр. Ол қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлермен және қала жұртшылығымен кездесті.
Токаев прилетел в Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Тоқаев Шымкент қаласына барды
Жаңалықтар
0