Жоғарғы сот судьясы отставкаға кетті

© SputnikЖоғарғы сот
Жоғарғы сот - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Судьяның сот саласындағы еңбек тәжірибесі 27 жылдан асады
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғарғы сот судьясы Нұрғазы Әбдіқанов зейнеткерлік жасқа жетті. Осыған байланысты отставкаға кетіп отыр. Оның сот саласындағы еңбек тәжірибесі 27 жылдан асады.
Бүгін сенаторлар президенттің ұсынысымен зейнет жасына жеткен судьяны отставкаға жіберу туралы қаулыны қабылдады.
Айта кетері, заң бойынша сенатЖоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.
Жұмысынан босатылған басшы Жоғарғы сот арқылы қызметіне қайта оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жұмысынан босатылған басшы Жоғарғы сот арқылы қызметіне қайта оралды
Жаңалықтар
0