Жұмысынан босатылған басшы Жоғарғы сот арқылы қызметіне қайта оралды

© © Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЖұмысынан босатылған басшы Жоғарғы сот арқылы қызметіне қайта оралды
Жұмысынан босатылған басшы Жоғарғы сот арқылы қызметіне қайта оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Жоғарғы соттың шешімімен қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз деп танылды
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Жұмысынан босатылған басшы сот шешімімен қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
Жоғарғы сотқа арызданушы АҚ филиалының өнеркәсіптік бақылау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы болған. Ол мердігер компания орындамаған жұмыс актісіне қол қойған, соған байланысты сенім жоғалтты деген желеумен жұмыстан шығарылған. Тексеріс жүргізген комиссия қызметкер келісімшарттың орындалуына жеткілікті түрде бақылау жүргізбеген деген қорытындыға келген.
Ер адам жергілікті соттарға шағымданып, жұмысқа қайта оралмақ болған, алайда олар талапты қанағаттандырмаған. Ал Жоғарғы соттың шешімі басқаша болды.

"Талап қоюшы сенім жоғалту негізінде еңбек шартын бұзуға болатын қызметкерлер санатына жатпайды. Қызметтік өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты ол ақшалай немесе тауарлық активтерге қызмет көрсететін және қаржылық операцияларға тікелей қол жеткізе алатын қызметкер болмаған. Оның үстіне жұмысты қабылдау актісін жасау кезінде ол еңбек демалысында болған және бұл құжатқа қол қоймаған", - деп анықтады Жоғарғы сот.

Жоғарғы соттың шешімімен қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз деп танылып, талап қоюшының жұмысы қалпына келтірілді.
KTZ Express доставила груз в Хьюстон морским путем - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
KTZ Express Жоғарғы сотқа шағым түсірмек
Жаңалықтар
0