https://sputnik.kz/20250221/ktz-express-zhogargy-sotqa-shagym-tusirmek-51069835.html
KTZ Express Жоғарғы сотқа шағым түсірмек
KTZ Express Жоғарғы сотқа шағым түсірмек
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін компанияға көліктік-экспедиторлық қызметтерге белгілеген монополиялық баға үшін айыппұл салынған болатын 21.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-21T17:55+0500
2025-02-21T17:55+0500
2025-02-21T17:55+0500
жоғарғы сот
қтж
тасымалдау
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50952782_0:54:1024:630_1920x0_80_0_0_26415cd37bbc1a7ce3c4de48a82d1c95.jpg
АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстандық KTZ EXPRESS теміржол компаниясы бәсекелестікті қорғау агенттігінің шешіміне шағым түсірмек. Келесі күні "KTZ EXPRESS" басшылығы осы мәселе бойынша түсініктеме берді. 2024 жылы "KTZ Express" АҚ шағымы бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің елордалық департаменті жүргізген тергеу қорытындысын заңсыз деп танып, монополияға қарсы органды жеке ұйғарым түріндегі жауапкершілікке тартты."Сот шешімімен KTZ EXPRESS компаниясының іс-әрекеттерінде әскери тасымалдарды ұйымдастыру бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу түріндегі монополиялық ережені теріс пайдалануға жол берілмегені анықталып, тасымалдаулар әскери емес, коммерциялық деп танылды", - делінген хабарламада. Алайда Астана соты бұрынғы сот актілері мен прокурордың "KTZ Express" АҚ пайдасына шығарған қорытындысына қарамастан компанияға айыппұл салды. Осыған байланысты KTZ Express ҚР Жоғарғы сотына шағымдануға дайындалып жатыр.
https://sputnik.kz/20250211/qtzh-vagondardy-tasymaldauga-shekteudi-2025-zhyldyn-sonyna-deyin-uzartty-50776996.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50952782_57:0:968:683_1920x0_80_0_0_b33b4143fdf5afdab6a298655d7e88b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғарғы сот, қтж, тасымалдау
жоғарғы сот, қтж, тасымалдау
KTZ Express Жоғарғы сотқа шағым түсірмек
Бұған дейін компанияға көліктік-экспедиторлық қызметтерге белгілеген монополиялық баға үшін айыппұл салынған болатын
АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстандық KTZ EXPRESS теміржол компаниясы бәсекелестікті қорғау агенттігінің шешіміне шағым түсірмек.
"ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "KTZ EXPRESS" АҚ-на қатысты тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 2021 жылы әскери тасымал үшін көлік-экспедитордық қызметтерге монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталды. Істі қарау қорытындысы бойынша компанияға 853 379,7 тенге айыппұл салынды. 10,11 миллион теңге монополиялық кіріс тәркіленді", - деп хабарлады агенттік 20 ақпан күні.
Келесі күні "KTZ EXPRESS" басшылығы осы мәселе бойынша түсініктеме берді.
2024 жылы "KTZ Express" АҚ шағымы бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің елордалық департаменті жүргізген тергеу қорытындысын заңсыз деп танып, монополияға қарсы органды жеке ұйғарым түріндегі жауапкершілікке тартты.
"Сот шешімімен KTZ EXPRESS компаниясының іс-әрекеттерінде әскери тасымалдарды ұйымдастыру бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу түріндегі монополиялық ережені теріс пайдалануға жол берілмегені анықталып, тасымалдаулар әскери емес, коммерциялық деп танылды", - делінген хабарламада.
Алайда Астана соты бұрынғы сот актілері мен прокурордың "KTZ Express" АҚ пайдасына шығарған қорытындысына қарамастан компанияға айыппұл салды. Осыған байланысты KTZ Express ҚР Жоғарғы сотына шағымдануға дайындалып жатыр.