ҚТЖ вагондарды тасымалдауға шектеуді 2025 жылдың соңына дейін ұзартты

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Грузовой вагон "Казахстан темир жолы"
Грузовой вагон Казахстан темир жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. ҚТЖ Алтынкөл станциясынан Достық станциясына дейін, сондай-ақ кері бағытта жүк тиелген және бос вагондарды тасымалдауға шектеуді ұзартты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше мұндай шешім ҚХР бағытында экспорттық және импорттық тасымалдарды ұлғайту мақсатында қабылданды.
"Өткен жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл шара жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға, учаскелердің өткізу қабілетін арттыруға және Достық пен Алтынкөл шекаралық станцияларының жұмысын жақсартуға бағытталған. Ол сондай-ақ вагондар мен контейнерлердің қарсы бағытта бос жүруін болдырмайды", - деп жазылған хабарламада.
Күн сайын Достық және Алтынкөл станцияларына ҚХР-ға жөнелтілетін жүк вагондары келіп түседі. Түсірілгеннен кейін оларды Қытайдан импорттық жүктерді тиеу үшін пайдалануға болады.
Наурыз айынан бастап шектеулер 2025 жылдың соңына дейін ұзартылады.
Жаңалықтар
0