Үкімет Қызылорда қаласын ыстық сумен жабдықтауға 5 млрд теңге бөлді

Үкімет ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны жүзеге асыру екі кезең бойынша жоспарланған
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.
Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны жүзеге асыру екі кезең бойынша жоспарланған. Бірінші кезең – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Екінші кезеңде биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.
2024 жылы бірінші кезеңге үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.
Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Қайтарылған активтер: ауылдарды сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар
0