Қайтарылған активтер: ауылдарды сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВодопроводный кран, архивное фото
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде.
Жоба 2021 жылы іске асырыла бастаған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны – шамамен 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Қайтарылған активтер есебінен Ақтауда жедел медициналық станса салынады
Жаңалықтар
0