https://sputnik.kz/20250201/qaytyrlgan-aktivter-esebinen-aqtauda-zhedel-meditsinalyq-stansa-salynady-50471461.html
Қайтарылған активтер есебінен Ақтауда жедел медициналық станса салынады
Қайтарылған активтер есебінен Ақтауда жедел медициналық станса салынады
Sputnik Қазақстан
Ол жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы 01.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-01T10:28+0500
2025-02-01T10:28+0500
2025-02-01T12:13+0500
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/16/49460049_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_cea59f500b9ab6c3c3ee9f67f1cc202e.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Үкімет қайтарылған активтер есебінен Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Үкіметтің хабарлауынша, қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы салынады.Бұл мақсатқа үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді. Нысанның құрылысы Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған.Жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының құрамына оқу-симуляциялық орталық, санитарлық көліктерге арналған жөндеу және жуу базасы енеді.Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланған. Оның 100 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 10%-ды құрайды: жер қазу жұмыстары аяқталып, ішкі инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді.Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат жобаны белгіленген кестеге сәйкес толық аяқтауға мүмкіндік береді.Бүгінде Ақтауда 200 мыңға жуық адам тұрады. Аймақ бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Соңғы 7 жыл ішінде қалада 10 жаңа шағын аудан салынды.Жаңа жедел жәрдем стансасының құрылысы халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазіргі таңда үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына шамамен 55,2 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның біреуі 1 музыкалық мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана және 2 балабақша бар.Сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға сәйкес субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық, Астана және Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып жатыр.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/16/49460049_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_e5395842b59874ee7d4a605f705c5462.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау
Қайтарылған активтер есебінен Ақтауда жедел медициналық станса салынады
10:28 01.02.2025 (жаңартылды: 12:13 01.02.2025) Ол жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Үкімет қайтарылған активтер есебінен Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Үкіметтің хабарлауынша, қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы салынады.
Бұл мақсатқа үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді. Нысанның құрылысы Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған.
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының құрамына оқу-симуляциялық орталық, санитарлық көліктерге арналған жөндеу және жуу базасы енеді.
Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланған. Оның 100 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.
Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 10%-ды құрайды: жер қазу жұмыстары аяқталып, ішкі инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді.
Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат жобаны белгіленген кестеге сәйкес толық аяқтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде Ақтауда 200 мыңға жуық адам тұрады. Аймақ бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Соңғы 7 жыл ішінде қалада 10 жаңа шағын аудан салынды.
Жаңа жедел жәрдем стансасының құрылысы халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына шамамен 55,2 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның біреуі 1 музыкалық мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана және 2 балабақша бар.
Сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға сәйкес субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық, Астана және Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып жатыр.