Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Парадқа дайындық кезінде Астанада жолдар жабылады

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаЖеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад
Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Елорда тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау жөнінде ескертілді
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Бүгіннен бастап сәуір айының соңына дейін Астанадағы көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Себебі, бұл көшелерде Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындық кезінде әскери техника жүреді.
Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
"2025 жылдың 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Астанадағы жол қозғалысы шектелетін көшелер:
Ақжол көшесі;
Қарашығанақ көшесі;
Бұйрат көшесі.
Ресми мәлімдемеде қорғаныс министрлігі шектеудің уақытша екенін еске салды және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау жөнінде ескертті.
"Жаттығулар аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы бірден қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Астанада 7 мамырда парад өтеді, оған 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысады.
Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады
Жаңалықтар
0