https://sputnik.kz/20250410/almatyda-mausym-ayynda-qoqys-ondeytin-zauyttyn-qurylysy-bastaluy-mumkin-52383928.html
Алматыда маусым айында қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы басталуы мүмкін
Алматыда маусым айында қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы басталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта... 10.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-10T20:16+0500
2025-04-10T20:16+0500
2025-04-10T20:16+0500
қоқыс
зауыт
https://sputnik.kz/img/1416/90/14169049_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_9e9e2b9e6351b36a3481a68efc245d12.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бұған дейін Алматыда қалдықтарды энергияға айналдыратын Қазақстандағы алғашқы зауыт пайда болуы мүмкін екені хабарланған болатын.10 сәуірде Олжас Бектенов пен Shanghai SUS Environment Co., Ltd. басқарма төрағасы Лун Цзишэн Қазақстанда қалдықтарды электр энергиясына айналдыруға бағытталған Waste-to-Energy технологиясын енгізудің келешегін талқылады.Лун Цзишэн Алматыдағы тәулігіне 2 мың тоннаға жуық қалдықты қайта өңдейтін және 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіретін қоқыс өңдеу зауытының жобасын таныстырды. Тікелей инвестиция көлемі $270 млн-ды құрайды.Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған зауыттың іске қосылуы мегаполистің қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға деген қажеттілігін өтеп, 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250125/2024-zhyly-qazaqstanda-1120-zansyz-qoqys-orny-anyqtaldy-50276245.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/90/14169049_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_a8620e4f4eb4867aa0792b3fa2beaae6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс, зауыт
Алматыда маусым айында қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы басталуы мүмкін
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Салалық министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне екі апта мерзімінде зауыт құрылысын осы жылдың маусым айында бастау үшін Инвестициялар туралы келісімнің жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Алматыда қалдықтарды энергияға айналдыратын Қазақстандағы алғашқы зауыт пайда болуы мүмкін екені хабарланған болатын.
10 сәуірде Олжас Бектенов пен Shanghai SUS Environment Co., Ltd. басқарма төрағасы Лун Цзишэн Қазақстанда қалдықтарды электр энергиясына айналдыруға бағытталған Waste-to-Energy технологиясын енгізудің келешегін талқылады.
Лун Цзишэн Алматыдағы тәулігіне 2 мың тоннаға жуық қалдықты қайта өңдейтін және 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіретін қоқыс өңдеу зауытының жобасын таныстырды. Тікелей инвестиция көлемі $270 млн-ды құрайды.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған зауыттың іске қосылуы мегаполистің қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға деген қажеттілігін өтеп, 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.