2024 жылы Қазақстанда 1120 заңсыз қоқыс орны анықталды

© Photo : Акимат АстаныАстанадағы қоқыс полигоны
Астанадағы қоқыс полигоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2025
Жазылу
Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Өткен жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды көму аймағында тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 1120 заңсыз үйінді анықталып, 307 мың әкімшілік құқық бұзушылықтіркелді:
қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың жағдайы;
абаттандыру ережелерін бұзудың 198 мың жағдайы.
Жергілікті атқарушы органдарға заң бұзушылықтарды жою туралы 782 ұйғарым түсіп, нәтижесінде 524 полигон жойылды.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамауға және тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға шақырады.
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі: полиция ескерту жасады
Жаңалықтар
0