Мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі: полиция ескерту жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовМопеды
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
Жаңа ереже 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі 2025 жылы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілетінін еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Енді мопедті пайдалану үшін бірнеше талапты орындау қажет. Олар:
полицияда тіркелу;
А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
техникалық тексеру;
азаматтық жауапкершілікті сақтандыру.
Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға жүгіну керек. Қажетті құжаттар:
жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Сол жерде өтініш жазып, мопедті тексерістен өткізеді. Мемлекеттік баж төлеу керек.
"5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Заң бұзушылықты болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз", – дейді әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Жаңалықтар
0