Жыл басынан бері 2000-ға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алды

© Sputnik / Абзал КалиевЖыл басынан бері 2000-ға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алған
Жыл басынан бері 2000-ға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алған - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
2025 жылы арнаулы әлеуметтік төлем алуға жалпы 1957 адам өтініш білдірген
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем 1940 азаматқа тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Бұл төлемді алуға жалпы 1957 адам өтініш білдірген.

"Екі қаржыландыру көзінен берілетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 128 адам жүгінді, оның 127-не арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Ал төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 1829 адам өтініш білдіріп, оның 1813-іне тағайындалған", - делінген хабарламада.

Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланысты 1 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды, сондай-ақ 16 азаматтың өтініштері қарау сатысында тұр.
Өңірлер бөлінісінде арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргендердің ең көп саны:
Қарағанды облысы - 234 адам;
Шығыс Қазақстан облысы - 196 адам;
Қостанай облысы - 182 адам.
Айта кетері, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы шарт. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
13 мыңнан астам қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады
Жаңалықтар
0